
Атырауда «Ведомстволық деңгейде құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету» тақырыбында өңірлік семинар өтті. Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті мен Атырау облысы әкімдігі ұйымдастырды.
Семинарға Маңғыстау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарынан мемлекеттік архивтердің басшылары мен ведомстволық архив қызметкерлері қатысты.
Іс-шараның мақсаты – өңірдегі архив және мекеме, ұйымдардың ведомстволық архив қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, архивтік құжаттармен жұмыс жүргізу бойынша тәжірибе алмасу.
Пленарлық отырыста құжаттарды сақтау, нормативтік актілерді түсіндіру және құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, қатысушылар «Е-архив» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу және архив саласындағы мемлекеттік бақылау тақырыптарында баяндама тыңдады.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі