Қостанай облысында жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлеріне арналған семинар өтті

Қостанай облысында жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлеріне арналған семинар өтті

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен онлайн форматта Қостанай облысының жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері үшін «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және үкіметтік емес ұйымдар үшін гранттар аясындағы әлеуметтік жобаларды тиімді іске асыру» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Гүлбара Сұлтанова қатысып, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және тиімді іске асыру бойынша негізгі бағыттарды атап өтті.

Сонымен қатар, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы Лима Диас үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру тетігінің ерекшеліктеріне қатысты ақпараттармен бөлісті.

Айта кетейік, семинарға облыстағы барлық жергілікті атқарушы органдардан 100-ге жуық қызметкер, оның ішінде аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары да қатысты.

Семинар қорытындысы бойынша өңірдің осы саладағы проблемалық мәселелері анықталып, оларды шешу үшін ұсынымдар берілді.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі