Алматыда танымал қазақстандық мүсінші Шоқан Төлештің көрмесі ашылды

Алматыда танымал қазақстандық мүсінші Шоқан Төлештің көрмесі ашылды

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде қазақстандық белгілі мүсінші Шоқан Төлештің «АСПАН» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.

Көрмеде заманауи мүсіншінің 90-нан аса мүсіндік, графикалық және кескіндемелік туындылары ұсынылған.

Шоқан Төлештің мүсіндік туындылары күрделі пластикалық форманы білдіреді. Суретші Төлештің шығармашылығында ең бастысы — идея. Ол ойындағы идеясын жүзеге асыруда қола мен алюминийді дәнекерлеусіз әдіспен біріктіріп, ерекше мүсіндер жасайды.

Көрме 2024 жылдың 3 қарашасына дейін жалғасады.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі