
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Астана» халықаралық қаржы орталығымен бірлесіп, зияткерлік меншік негіздеріне оқытуды бастады. Бағдарлама креаторларды қолдауға және олардың осы саладағы мүдделерін қорғауға бағытталған.
Бірінші семинар Алматыда, Almaty creative креативті хабында өтті. Сарапшылар қатысушыларды патенттеу, авторлық құқық, сауда белгілері, коммерциялық құпия және лицензиялау сияқты негізгі аспектілермен таныстырды. Сондай-ақ, креаторлар Қазақстанда және шетелде зияткерлік меншік объектілерін қорғаудың негізгі қағидаттарымен танысты.
Келесі семинар Астанада жоспарланған.
Бұған дейін бес қазақстандық кәсіпкер Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) оқыту грантын жеңіп алған болатын. Бағдарлама зияткерлік меншік пен авторлық құқықты қорғау бағытында креативті салалардың өкілдерін қолдауға арналған.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі