
Бүгін Алматыда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Нархоз университеті, Қазақстандағы БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілдігі — Қазақстандағы БҰҰ Ақпараттық Бюросының басшысы ұйымдастырған «Дағдарыс пен тұрақсыздық жағдайында ұйымдар мен БАҚ арасындағы тиімді коммуникациялар» семинары өтті.
Семинардың ашылуында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Қайнар Ахетов, Қазақстандағы БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі — Қазақстандағы БҰҰ Ақпараттық Бюросының басшысы Властимил Самек, Нархоз университетінің Басқарма төрағасы – Президенті Қанат Қожахмет сөз сөйледі.
Іскерлік журналистика, бизнес-коммуникациялар және жаһандық медиа саласындағы жетекші сарапшылар дағдарыс жағдайында медиамен өзара іс-қимыл бойынша практикалық ұсыныстармен және стратегиялармен бөлісті. Семинарда дағдарысқа қарсы коммуникациялық стратегияларды әзірлеу, жалған ақпаратпен күресу, ұйымдар мен БАҚ арасындағы коммуникацияларды жетілдіру мәселелері талқыланды.
Семинар Салалық журналистиканы дамытудың 2024 жылға арналған жол картасы аясында өткізілді.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі