2024 жылғы «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты конкурсының I кезеңі аяқталды

2024 жылғы «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты конкурсының I кезеңі аяқталды

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінімдерді қабылдау 6 қазан күні аяқталды. Конкурсқа барлығы 1 287 өтінім келіп түсті. Қазіргі уақытта өтінімдердің Қағидалардың 17-тармағына сәйкестігі қарастырылуда.

Конкурстың II кезеңі өтінімдерді бағалау және комиссияның жеңімпаздарды анықтауы қазан-қараша айларында өтеді. Конкурстың қорытындысы бойынша 2024 жылғы грант иегерлерінің тізімі желтоқсан айында Министрліктің ресми сайтында жарияланады.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі