
Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев танымал мәнерлеп сырғанаушысы, Сочидегі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Денис Теннің отбасы мен жақындарына көңіл айтты.
«Аса көрнекті спортшы Денис Юрьевич Теннің қайғылы жағдайда қаза табуына байланысты қайғырып көңіл айтамын. Бұл барша еліміз, отандық және әлемдік спорт үшін орны толмас ауыр қаза. Еліміздің нағыз патриотынан, асыл азаматымыздан қапыда айрылып қалдық», - делінген хатта.
Министр Денис Теннің жарқын бейнесі әрдайым Қазақстан халқының есінде мәңгі сақталатынын атап өтті.