
«ТРИНТА» жекеменшік қорының өкілдері мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ-дың өзара іс-қимылы бойынша электронды кітапхана әзірледі.
Кітапхана қазақстандық үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыру, оларды жұмыстың жаңа формалары мен әдістерін оқыту мақсатында дайындалған.
Кітапханада оқулықтар, оқу құралдары, бейне сабақтар, вебинарлар мен қоғамдық талқылаулар туралы жазбалар, меморандумдар, презентациялар, мақалалар, нормативтік құқықтық актілер сияқты түрлі материалдар қамтылған.
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған электрондық кітапхананың материалдары жалпы өзара іс-қимыл мәселелері; өзара іс-қимыл механизмдері, формалары мен әдістері; өзара іс-қимыл мәселелерін нормативтік-құқықтық реттеу бөлімдерінен тұрады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, материалдар қоғамдық ұйымдардың қызметкерлеріне әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда, іс-шараларды талқылауда, семинарлар мен тренингтер өткізуде әдістемелік көмек көрсетеді.
Электронды кітапхана «Мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара іс-қимыл деңгейін арттыру» жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты негізінде дайындалды.
Аталған электронды кітапхана төмендегі сілтеме бойынша қолжетімді: https://drive.google.com/drive/folders/1xpAa0fpfYFvvUjsQ0t87_19LgPQ1dBhV