
2019 жылдың 6 шілдесінде сағат 11.00-де Нұр-Сұлтан қаласында (Жетісу саябағында) шетелде тұратын қандастарымыздың қатысуымен «ҚАСИЕТТІ ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықаралық өнер фестивалі өтеді.
Аталған фестиваль Дүниежүзі Қазақтары Қауымдастығы және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен жыл сайын өткізілетін іс-шара.
Фестиваль фольклорлық өнердің бірегей жанрларын, музыкалық және қолданбалы өнердің бірегей үлгілерін сақтауға, сондай-ақ шетелде тұратын отандастардың шығармашылық және білім беру әлеуетін арттыру мақсатында өткізіледі.
Фестивальда 4 номинация бойынша байқау ұйымдастырылады: мүшайра, терме, халықтық-қолданбалы өнер және соло вокал (ұлттық әндер). Жеңімпаздар мен қатысушыларға шығармашылық жоспарлары мен таланттарын жүзеге асыруда, соның ішінде қазақстандық шығармашылық оқу орындарында кәсіптік білім алудың бірегей мүмкіндіктері беріледі.
Жетісу саябағында "Open air" форматында өтетін фестивальда қатысушылардың марапатталуы, фестиваль лауреаттары мен жеңімпаздарының және қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін Гала-концерттің өтуімен жалғасатын мерекелік бағдарлама қарастырылған.
Саябақ аумағында 10 киіз үйден тұратын этноауыл, келушілердің қолөнер шеберлерінің жұмыс жасау барысымен таныса алатын, ұлттық қолөнер сабақтарына қатыса алатын, этно-өнімдерді сатуға арналған көрме-жәрмеңке шығыс базары орын алады және суретке түсу аймағы да ұйымдастырылған. Астана тұрғындары мен қонақтарын ерекше мерекелік іс-шара күтуде!
Анықтама үшін: Әлемнің 43 елінде 5 млн. астам этникалық қазақтар өмір сүреді, олардың көпшілігі Қазақстанмен шекаралас елдерде тұрады: Өзбекстан (900 мың адам), Қытай (1,5 млн. адам), Ресей (800 мың адам), Түркіменстан (65 мың адам), Моңғолия (142 мың адам) және Қырғызстан (33 тыс. адам.). Сонымен қатар, этникалық қазақтар Түркия, Тәжікстан, Иран, Ауғанстан және Батыс Еуропа елдерінде тұрады.