"Ашық диалог" порталында онлайн-сауалнама өткізу туралы

"Ашық диалог" порталында онлайн-сауалнама өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті «Ашық диалог» порталында «Халықтың діни деңгейін анықтау туралы» тақырыпта сауалнама өткізілетінін хабарлайды.

Сауалнама қазақстандық қоғамның діни деңгейін анықтау мақсатында жүргізіледі.

Сіздерді мына сілтеме бойынша қатысуға шақырамыз: https://dialog.egov.kz/surveycontroller/index#/view?id=1519.

Сауалнама 2020 жылдың 4 тамызы мен 4 қыркүйегі аралығында жүргізіледі.