
Үстіміздегі жылдың 15 тамызы мен 15 қыркүйегі аралығында қоғамдық эко-бақылау бойынша (абаттандыру, елді мекендердің, тарихи-мәдени және туристік объектілердің экологиялық жай-күйі саласында) республикалық акция жүргізілді.
Акция аясында республика бойынша барлығы 3 мыңға жуық адамның қатысуымен 300-ден астам нысан эко-мониторингпен қамтылды.
Жобаның мақсаты – жұртшылықты табиғатты қорғауға және оған ұқыпты қарауға, проблемалық мәселелерді анықтап, азаматтық қоғамды белсенді тарта отырып шешу. Сондай-ақ өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге белсенді қатысуға және жалпы әл-ауқатқа үлес қосуға дайын күшті, ұйымшыл және жауапты қоғам құруға ықпал етуге бағытталған.
Акция 4 тақырыптық апта шеңберінде өткізілді:
Акцияға Қоғамдық кеңес мүшелері, 600-ден астам экологиялық және қоғамдық ұйымдар, эко-блогерлер, эко-еріктілер, БАҚ өкілдері қатысты.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі