Барша Қазақстан азаматтарын Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймыз!

Барша  Қазақстан азаматтарын  Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрбан айт – адамзатты бірлік пен татулыққа, өзара түсіністік пен мейірімділікке үндейді. Адамдарды кеңпейілділік пен жанашырлыққа тәрбиелейді.

Бүгінгі таңда осы айтулы мереке Қазақстан халқының бірлігін, еліміздегі түрлі этностар мен конфессиялар арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етіп келеді. Қасиетті Құрбан айт мерекесінде еліміздегі мыңдаған азаматтар құрбандық шалып, оны мұқтаж жандарға, жетімдер мен көпбалалы отбасыларға таратады.

Осы орайда, Сіздердің шынайы ниеттеріңіз бен жасаған ізгі амалдарыңыз қабыл болсын.
Барша еліміздің азаматтарына зор денсаулық пен амандық тілейміз!

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.