
2024 жылғы 13 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Кочетов Евгений Дмитриевич Қостанай облысына жұмыс сапарымен барады. Сапар аясында облыс тұрғындарымен кездесу және азаматтарды жеке қабылдау жоспарлануда (2024 жылғы 13 қыркүйек сағат 15:00, Қостанай қ., Юбилейный шағын ауданы 56, «Jastar» сарайы).
Жеке қабылдауға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін 8 (7172) 74-05-08, 8 (771)-592-81-14 нөмірлері бойынша жүзеге асырылады.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі