Қоғамдық кеңестердің жұмысын жетілдіру және әлеуметтік алдын алу: Үйлестіру орталығы отырысының нәтижелері

Қоғамдық кеңестердің жұмысын жетілдіру және әлеуметтік алдын алу: Үйлестіру орталығы отырысының нәтижелері

Бүгін Астанада Қоғамдық кеңестер үйлестіру орталығының отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова, министрліктер, өңірлік және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан қоғамдық кеңестердің өкілдері қатысты.

Отырыста қоғамдық кеңестердің жұмысын жақсарту және «Қоғамдық кеңестер туралы» заңға өзгерістер енгізу мәселелері қаралды. Сондай-ақ, Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша Азаматтық альянспен бірге өткізілген қоғамдық тыңдаулардың қорытындысы талқыланды.

Кездесу барысында қоғамдық кеңестердің тұрмыстық зорлық-зомбылық, құмар ойындар мен есірткіге тәуелділіктің алдын алу шаралары сөз етілді.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі