Аида Балаева К. Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің директорымен кездесті

Аида Балаева К. Аденауэр атындағы қордың  Қазақстандағы өкілдігінің директорымен кездесті

А.ж. 27 шілдесінде Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің директоры Томас Хельммен онлайн форматта кездесу өткізді.

Тараптар COVID-19 коронавирустық инфекция пандемиясы нәтижесінде туындаған проблемалық мәселелер бойынша, атап айтқанда, қоғамда шынайы ақпаратты таратудың маңыздылығы, сондай-ақ дағдарыс кезеңінде халықтың ақпаратқа қол жеткізуі туралы пікір алмасты.

Кездесу барысында сондай-ақ мемлекеттік органдар өкілдері мен журналистер арасындағы өзара іс-қимыл деңгейін арттыру, Қазақстандағы цифрлық және медиа сауаттылықты көтеру қажеттілігі мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша дағдарыс кезіндегі коммуникациялар мен цифрлық сауаттылық бойынша баспасөз хатшылары мен журналистер үшін тренингтер өткізу бөлігінде, салалық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша Министрлік пен Қор арасындағы алдағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары айқындалды. Аталған бағыттар шеңберінде бірлескен іс-шаралар жоспары әзірленетін болады.