
2024 жылғы 29 тамызда Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице - министрі Әлиқұлов Ербол Шымкентбайұлы Түркістан облысына жұмыс сапарымен барады.
Сапар аясында облыс тұрғындарымен кездесу және азаматтарды жеке қабылдау жоспарлануда (2024 жылғы 29 тамыз сағат 10:00, Түркістан қ., Әмір Темір к-сі 28, «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасы).
Жеке қабылдауға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін 8 (7172) 74-13-33, 8(701)-441-72-32 нөмірлері бойынша жүзеге асырылады.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі