
Бүгін Павлодар қаласында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «SARAP» эксперттік клубының «ҚР Конституциясы және цифрлық демократия: жаңа технология арқылы азаматтық құқықты нығайту» атты аймақтық отырысы өтті.
Конституция күніне орайластырылған жиында Қазақстанның делиберативті демократия тәжірибесі, азаматтардың электрондық өтініштерінің қаралуы және цифрлық кеңістіктегі құқықтарының қамтамасыз етілуі, дербес деректерді қорғау сұрақтары қарастырылды.
Отырысқа Павлодар облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, заңгерлер, жастар белсенділері және азаматтық қоғам өкілдері қатысты.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі