Көкшетауда болашақ саясаткер әйелдерге арналған тренинг басталды

Көкшетауда болашақ саясаткер әйелдерге арналған тренинг басталды

Көкшетау қаласында еліміздің саяси өміріне белсенді араласуға ынталы әйелдерге арналған үш күндік тренинг басталды. Оқытуды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің және ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен, Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» құрылымы ұйымдастырды. Тренинг әйелдердің саяси белсенділігі мен көшбасшылық қасиеттерін арттыруға бағытталған.

Тренингте сайлауға қатысқан немесе болашақ сайлау науқандарына қатысуды жоспарлап жүрген әйелдер, ҮЕҰ басшылары, азаматтық қоғам белсенділері дәріс алуда.

Бағдарламаға интерактивті сабақтар, шеберлік сыныптары және практикалық семинарлар кіреді. Қатысушылар өздерінің біліктілігін арттыруға және белсенді саяси қызметке атсалысуға мүмкіндік алады. Бұл үрдіс әйелдердің билік органдарындағы өкілдігін нығайтуға және аймақ пен елдің дамуына белсенді араласуына ықпал етеді.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі