Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Біз Қазақстан Республикасында ЛГБТ-ны ашық және жасырын түрде насихаттауға қарсымыз!» петициясы бойынша шешім жобасына жария талқылау өткізетіні туралы хабарлайды

Күні мен орны: 2024 жылғы 1 тамыз, сағат 15.00, «Қазмедиа орталығы», Астана қ., Қонаев көш. 4, 21 қабат.

Қоғамдық талқылауға қатысу үшін аты-жөніңізді, ұйымды (заңды тұлғаның атынан қатысқан жағдайда), ЖСН, байланыс деректеріңізді көрсете отырып, 2024 жылғы 31 шілдеде сағат 10.00-ге дейін телефон немесе электронды пошта арқылы тіркеуден өтуді сұраймыз.

Жұмыс тобының мүшелері мен мүдделі тұлғаларды тіркеу үшін 74-19-96, 74-25-65, +7-701-722-66-91 байланыс нөмірлеріне хабарласуға болады. Электронды поштасы: a.bozshayeva@mki.gov.kz.

Бұқаралық ақпарат құралдарын аккредиттеу мына телефон арқылы жүзеге асады: +7-775-171-33-77

Сондай-ақ Мәдениет және ақпарат министрлігінің әлеуметтік желілерінде тікелей эфир ұйымдастырылады.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі