Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

17 шілдеде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы болып өтті.

Қашықтықтан, яғни онлайн форматта өткен отырысқа орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік сектордың, үкіметтік емес және басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты.

Отырыс барысында мүгедектігі бар адамдардың ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (ЕХӘҚМ) ақпараты бойынша мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдардың сайттары ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін жеткілікті түрде бейімделмеген.

Аталған мәселені шешу үшін ЕХӘҚМ пікірі бойынша келесі шараларды, біріншіден, ерекше қажеттіліктері бар тұлғалар үшін веб-қолжетімділіктің ұлттық стандарттарын Web Content Accessibility Guidelines 2.1 халықаралық стандартына сәйкес келтіру қажет, екіншіден, аталған тұлғалар тарапынан веб-ресурстарды тестілеуден өткізу қажет.

Өз кезегінде Министр Аида Балаева уәкілетті орган тарапынан жүйелі жұмыс және тығыз ведомствоаралық өзара іс-қимыл - бірқатар мәселелерді шеше алатынын атап өтті.

Мүгедектігі бар адамдарға ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша қабылданған және жоспарланған шаралар туралы квазимемлекеттік сектор тарапынан – «Жолаушылар тасымалы» АҚ және «Қазпошта» АҚ өкілдері баяндады.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның ақпараты бойынша вокзалдар қызметіне мүгедектердің кедергісіз қол жеткізуін іске асыру үшін іс-шаралар жоспары әзірленді: онда тактильді жолдарды салу, Брайль шрифтін қолдана отырып тақтайшалар орнату және тактильді-дыбыстық мнемосхем сатып алу қарастырылған.

«Қазпошта» АҚ, өз кезегінде, 2021 жыл ішінде Post.kz және Kazpost.kz ресурстарын мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін бейімдеуді, ал ағымдағы жылдың соңына дейін Telegram чат-ботта клиенттерден дауыс және бейне сұрауларды қабылдау функцияларын іске қосуды жоспарлауда.

Келесі кезекте бюджет бойынша ақпараттың ашықтығы мәселесі қаралды.

Қаржы вице-министрі Р.С. Еңсебаевтың баяндамасында бюджеттің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар, оның ішінде «е-Қаржымині» ИААЖ-дан есептерді беру бойынша API сервистерін іске асыру, «Халықтық қатысу бюджетін» іске асыру тәртібін нормативтік бекіту және т.б. ұсынды.

«Ашық бюджеттер» порталын «е-Қаржымині»-мен ықпалдастыру осы порталда орналастырылатын ақпараттың сапасы, өзектілігі мен толықтығы бойынша мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Өз кезегінде Аида Балаева халықаралық Бюджеттің ашықтығы шолуының 2019 жыл бойынша нәтижелері жұртшылықтың бюджеттік ақпаратқа қол жеткізуін арттыруды және бюджеттің қалыптасуына жұртшылықтың қатысу қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ, отырыс барысында Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасының (МО ИРБП) мәселелері талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, МО ИРБП барлық мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарын біріктіру мақсатында осы жылдың басында іске қосылған болатын. Бүгінгі таңда барлық министрліктер, 12 әкімдік және Президентке есеп беретін бірқатар мемлекеттік органдар МО ИРБП-ға көшті.

Сонымен қатар, Министр мемлекеттік органдардың сайттарындағы ақпарат әрдайым өзекті болуы тиіс екенін атап өтті.

«Кейде сайттардағы ақпарат айлар бойы жаңартылмайды. Бізге, мұндай ескірген ақпарат не үшін керек? Біз өзіміз ұсынылатын бұрыс ақпаратқа және халықтың сыбыстарға сенетініне ренжиміз. Бұл ретте, интернет-ресурстардағы ақпаратты жүйелі түрде жаңартпағандықтан мұндайға өзіміз себепші боламыз. Сондықтан мемлекеттік органдар аталған мәселені ерекше бақылауға алу керек», - деді Аида Балаева.

Отырыс соңында Министрлікпен өткізілген «Мемлекеттік органның ашықтығы» бағытының 5 өлшемі бойынша («Ашық деректер», «Ашық бюджеттер», «Ашық НҚА», «Ашық диалог» және «Ведомстволық бағынысты ұйымдардың ашықтығы») мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау қорытындылары қаралды.

Бұдан басқа, Министр Комиссия мүшелері мен баяндамашыларға мемлекеттік тілде сөз сөйлеуді немесе таныстыру материалдарын дайындау қажеттігіне ерекше назар аударды.

Отырыс қорытындысы бойынша Комиссия мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарына ашықтық деңгейін арттыру және кері байланыс сапасын жақсарту жөнінде бірқатар ұсынымдар әзірледі.