Ұлытауда «OTANSHYL-2018» жастар туристік форумы өтті

Ұлытауда «OTANSHYL-2018» жастар туристік форумы өтті

ҚР Қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар және жасөспірімдер ұйымы Сәтбаев қаласының Жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып Қарағанды облысы Ұлытау ауданында «OTANSHYL-2018» республикалық балалар мен жастарға арналған туристік білім беру форумын өткізді.  

Форумның мақсаты – өңірдің қасиетті рухани құндылықтары, киелі жерлерінің географиясымен таныстыру, балалар мен жасөспірімдер арасында туризмді кеңінен насихаттау болып табылады. Бұл ретте, шара аясында білім бағдарламалары, көрме, фестивальдар, жәрмеңке, жобалар таныстырылымы, сайыстар ұйымдастырылды.

Іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен 120-дан астам «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері мен белсенділері, үздік оқушылар мен жас көшбасшылар қатысты.

 

Аталған форумның ашылу салтанатында Жастар саясаты департаментінің директоры Асхат Оралов сөз сөйлеп, жастар арасындағы патриотизмді және рухани тәрбиені дамытудың маңызын атап өтті.

Сонымен қатар Асхат Оралов аталған форум жұмысына белсенді қатысқан жастарды Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің атынан алғыс хаттармен марапаттады.  

Проведение республиканского форума по туристическому образованию для детей и молодежи «OTANSHYL-2018» стало важным вкладом в поддержку молодежных инициатив, а также практическим воплощением программы «Рухани жаңғыру».

OTANSHYL-2018» республикалық балалар мен жастарға арналған туристік білім беру форумын өткізу жастар бастамаларын қолдау және «Рухани жаңғыру» бағдараламасын жүзеге асыруда маңызды шара болып саналады.