Астанада мемлекеттік органдар мен азаматтық сектор арасындағы өзара байланыстың жаңа тәсілдері талқыланды

Астанада мемлекеттік органдар мен азаматтық сектор арасындағы өзара байланыстың жаңа тәсілдері талқыланды

Бүгін елордада «Әлеуметтік әріптестіктің тиімді механизмдері» атты республикалық семинар басталды. Іс-шара мемлекеттік органдар мен азаматтық сектор арасында өзара тиімді байланыс жасау үшін тәжірибе алмасу, жаңа тәсілдерді әзірлеу мақсатында және Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың III отырысында берген тапсырмаларын орындау аясында өткізілді.

Семинарға өңірлік Қазақстан Азаматтық Альянстары, «Сенімен Болашақ» РҚБ өңірлік филиалдары көшбасшылары және өңірлердегі ішкі саясат басқармаларының басшылары қатысып жатыр.

ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова диалог алаңдары мемлекет, ҮЕҰ және азаматтар үшін тікелей диалог алаңына айналуы тиіс және нәтиже, қоғамның өзара байланыс жасау форматының сапасына байланысты екенін атап өтті. 

Семинар барысында мемлекет пен қоғамның синергиясы, құқықтық сауаттылық және азаматтық белсенділік мәселелесі сондай-ақ тиімді әріптестік үлгілерге қатысты мәселелер талқыланады.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификат беріледі.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі