Астанада мешіт имамдарына арналған семинар өтті

Астанада мешіт имамдарына арналған семинар өтті

2018 жылғы 2 тамыз күні Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығының ұйымдастыруымен елордадағы мешіт имамдарына арналған «Қазіргі деструктивті діни ағымдардың доктриналық негіздері: алдын алу жолдары, оңалту шаралары» атты семинар өтті.

Семинарды «Пікір» діндерді қолданбалы зерттеу орталығының директоры Асқар Сабдин және Нұр-Мүбарак Египет ислам униерситетінің PHD докторанты, дінтанушы Бауыржан Әлиұлы жүргізді.

 

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттің дін туралы саясатының басым бағыттарын түсіндіру, халықтың діни сауаттылығын арттыру мен имамдардың біліктіліктерін арттыру, сондай-ақ, діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу болып саналады.

Семинар соңында шара қатысушыларына арнайы сертификаттар табысталды.