
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 29 маусымдағы № 521 қаулысымен қабылданған БҰҰ ҚК қарарларын іске асыру жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспарын өзектендірді.
(https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=39618893&pos=2;-1#pos=2;-1)
Жоспарға барлығы 34 іс-шара кірді. Олардың барлығы жанжалдардың алдын алуға және реттеуге, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықтың алдын алуға, ақпараттандыруды арттыруға, әйелдерді қорғау мәселелерінде азаматтық қоғаммен өзара байланысты күшейтуге 2022-2025 жылдарға арналған әйелдердің тең құқықты және жан-жақты қатысуына бағытталған.
Жаңартылған жоспарға келесі өзгерістер енгізілді:
Бітімгершілік операциялар орталығының (ҚАЗЦЕНТ) базасында гендерлік мәселелер және азаматтық тұлғалар мен балаларды қорғау жөніндегі әскери кеңесшілерді даярлау;
Қорғаныс министрлігі, ІІМ, ТЖМ, БП жүйелерінде әйелдерді басшылық лауазымдарға көтеру, сондай-ақ олардың одан арғы мансаптық мониторингі;
Тренингтер мен оқытудан өткен әйелдер, марапаттарға ие болған әйелдер және басшылық лауазымдардағы әйелдер саны бойынша көрсеткіштерге баса назар аудара отырып, қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы кәсіби дамуға гендерлік-сезімтал тәсіл әзірлеу;
Қарусыздану және қаруды таратпау және халықаралық қауіпсіздік мәселелері бойынша әйелдер арасынан дипломатиялық персоналды халықаралық келіссөздер мен консультацияларға тарту;
Бағдарламалар шеңберінде халықаралық келіссөздерге, консультациялар мен іс-шараларға қатысу үшін әйелдер арасынан келіссөздер тобын құру және т. б.
Айта кетейік, 2004 жылы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі 1325 қарарды ұлттық деңгейде жүзеге асыруға шақырды. Сол жылы ЕҚЫҰ гендерлік теңдікті қолдау жөніндегі іс-қимыл жоспарын ұсынды, ол ЕҚЫҰ-ға қатысушы 57 мемлекетке «Әйел, бейбітшілік және қауіпсіздік» күн тәртібін іске асыруды қолдауға міндеттеді.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі