Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы бойынша хабарландыру

Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы бойынша хабарландыру

2020 жылдың 17 шілде күні, сағат 11:00-де Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның төрағалығымен онлайн-форматта Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтеді.

Отырыста мүмкіндігі шектеулі адамдардың ақпаратқа қол жеткізу мәселелері, мемлекеттік органдардың ашықтық деңгейін жыл сайынғы бағалаудың негізгі қорытындылары, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай тұғырнамасының жұмысы, сондай-ақ «Ашық бюджеттер» порталын жетілдіру бойынша жұмыс жоспарының орындалуы талқыланады.

Отырыстың тікелей көрсетілімі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Facebook-тегі ресми парақшасында өтеді.