«Рәміздерім – мақтанышым» атты челленджге 20 000-нан астам адам қатысты

«Рәміздерім – мақтанышым» атты челленджге 20 000-нан астам адам қатысты

Мемлекеттік рәміздер күніне орай, жастар саясаты саласында 1000-нан астам іс-шара ұйымдастырылды. Мереке аясында Мемлекеттік туды көтеру рәсімі, көліктер шеруі өтті. Кей өңірлердегі белсенділер «Taxi Show» зияткерлік акциясын бастады.

Әлеуметтік желілерде Қазақстан студенттер Альянсы ұйымдастырған «Рәміздерім – мақтанышым» атты челленджге 20 мың адам қатысты.

Мемлекеттік рәміздерді насихаттау мақсатында, Жастар ресурстық орталықтары 10 мыңнан астам жалауша таратты.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі