
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты шығармашылық кадрларды даярлайтын 10 оқу орны бар. Жалпы білім алушы саны 10 мыңнан асады.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары:
▪️Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы;
▪️Қазақ ұлттық хореография академиясы;
▪️Қазақ ұлттық өнер университеті;
▪️Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы.
Колледждер:
▪️ Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжі;
▪️А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі;
▪️О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі;
▪️П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі.
Мектептер:
▪️ К. Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған РММОМИ;
▪️А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ.
ҚР МАМ басым бағыттарының бірі – бәсекеге қабілетті, сұранысқа ие, сапалы, мәдениетке қызмет ететін кадрлар даярлау. МАМ-ға қарасты оқу орындарының 2428 педагогы білім алушыларды 223 білім беру бағдарламасы бойынша даярлайды. Оның ішінде 4 ЖОО 148 білім беру бағдарламасы бойынша, колледждер 75 бағдарлама бойынша білім береді.
2023-2024 оқу жылында 1205 түлек жоғары оқу орын дипломын алады (өнертану - 59, хореография - 6, актерлік өнер - 85, сценография - 51, вокалдық өнер - 21, кино және ТВ режиссурасы - 16, театр режиссурасы - 20, арт-менеджмент - 8, операторлық өнер -7, анимация режиссурасы - 28, медиажурналистика - 19, мүсін - 9, театр және кино макияжы -12, монументалды кескіндеме - 2, хореография педагогикасы-15, композиция-7, аспаптық орындау - 8, дирижерлік - 14, оркестрлік дирижерлік -15, музыкатану - 32, ойын емес кино режиссурасы - 11, дәстүрлі жыр (айтыс) - 8).
Тағы 658 түлек колледж бітірді (драма театрының әртісі - 61, қуыршақ театрының әртісі - 20, цирк әртісі-14, хор әртісі - 23, балалар музыкалық мектеп оқытушысы - 8, мүсінші-суретші - 9, декоратор-суретші -5, графикалық дизайнер -4, хореограф - 28, би ансамблінің әртісі - 42, вокалдық өнер - 15, дыбыс-операторлық шеберлік - 6, хор дирижерлігі - 13).
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі