
Бүгін, жыл сайынғы 18 мамыр Халықаралық музей күні қарсаңында елімізде «Музей түні» акциясы өтеді.
«Музей түні» аясында дәстүрлі түрде келушілерге көрме, концерт, экскурсия, шеберлік сыныбы және интерактивті іс-шараларды қамтитын бағдарлама ұйымдастырылады. Бұл жобаның мақсаты – музей саласындағы мәдени мұраны ілгерілету және көпшілікке насихаттау.
Қазақстанда аталмыш жоба 2006 жылдан бері өткізіліп келеді. ҚР Орталық мемлекеттік музейі бұл іс-шараға белсенді түрдн қатысып келеді. Сонымен қатар бүгін «Музей түні» Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында, «Ұлытау» ұлттық музей-қорығында, «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығында, «Ботай» музей-қорығында өтеді.
Ертең, 18 мамырда аталмыш іс-шара ҚР Ұлттық музейінде, Әбілхан Қастеев атындағы ҚР мемлекеттік өнер музейінде, «Әзірет-Сұлтан» және «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында ұйымдастырылады.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі