Алматыда «Qazaq Book Fair» кітап көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр

Алматыда «Qazaq Book Fair» кітап көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр

ҚР Ұлттық кітапханасында «Qazaq Book Fair» ауқымды кітап көрме-жәрмеңкесі өтуде. Іс-шараның негізгі мақсаты –жастардың оқуға деген қызығушылығын арттыру және насихатту, оқырман талғамын қалыптастыру.

«Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз. Шын мәнінде, озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек», – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде.

Көрмеге Қазақстандағы ірі баспалар қатысты. Іс-шара аясында жаңа кітаптардың тұсаукесерлері, авторлармен кездесулер, қолтаңба-сессиялар, балаларға арналған шеберлік сыныптары өтті.

Көрмеге келушілерге жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлібек Асқаров, жазушы Гузель Яхина, белгілі жазушы, этнограф Болат Бопайұлымен шығармашылық кездесу ұйымдастырылды.

«Qazaq Book Fair» 17 мамырға дейін өтеді.

 

Пресс-служба Министерства культуры и информации РК