«Қоғамдық бақылау туралы» Заңының негізгі новеллаларын түсіндіру жұмыстары жалғасуда

«Қоғамдық бақылау туралы» Заңының негізгі новеллаларын түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Мәдениет және ақпарат министрлігі жүйелі түрде «Қоғамдық бақылау туралы» Заңның негізгі новеллаларын түсіндіру бойынша семинарлар өткізеді.

Мәселен, осы жылдың 4-11 сәуір аралығында Астана, Алматы, Шымкент қалаларының барлық әкімдіктері мен мәслихаттарының өкілдері үшін ұйымдастырылған семинарларға 300-ден астам мемлекеттік қызметші қатысты.

15-19 сәуір аралығында барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестердің мүшелері үшін осындай семинарлар өткізіледі.

Сондай-ақ, семинарлар коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері арасында ұйымдастырылатын болады.

Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі