
2018 жылы тамызда Қазақстанның мемлекеттік органдарында биліктің тұрғындар мен қоғамдық институттар алдында есептілігінің жаңа инструменті – Азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жөніндегі лауазымды тұлғалардың тізімі енгізілді. Азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл функциясы жаңа лауазым емес, жауапты лауазымдағы мемлекеттік қызметкерге қосымша жүктеме екендігін атап өткен жөн.
Жаңашылық мемлекеттік басқару органдарының ашықтығы мен транспаренттік деңгейін арттыруға бағытталған саясаттың жалғасы болып табылады. Сонымен қатар, азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл заман талабы мен қажеттілік. 2013 жылы Бүкіләлемдік экономикалық форум сарапшылары экономика, әлеуметтік сала, сондай-ақ басқармалық шешімдерді қабылдаудағы әсерінің артатынын болжаған болатын.
«Азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жөніндегі уәкілетті тұлғалар жөніндегі бастама қазақстандық ҮЕҰ өкілдерінен келіп түсті. Қоғамдық даму министрлігі азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл бойынша мемлекеттік органдарға арналған уәкілетті лауазымды тұлғалар қызметін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік нұсқаулықты әзірлеп, оны орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға жіберілді.
Бүгінде орталық мемлекеттік органдарда азаматтық сектормен өзара іс-қимылға жауапты уәкілетті тұлғалар пилоттық режимде анықталды»,- деп
ҚР ҚДМ Азаматтық қоғам істері комитеті төрайымының орынбасары Бақытжан Нарымбетов атап өтті.
Б.Нарымбетов атап өткендей, жергілікті атқарушы органдарда азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жөніндегі 313 лауазымды тұлға анықталды. Негізінде «үшінші» сектор өкілдерімен мемлекеттік органдар басшыларының кездесуін уәкілетті тұлғалар өздері ұйымдастырады.
«Аталған функцияны енгізу мемлекеттік басқару органдары қызметіндегі бюрократиялық сипаттың төмендеуіне оң әсерін тигізуі, мемлекетті нығавйту және азаматтық қоғамды дамыту мүддесінде мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз етуі мүмкін, мемлекеттік қызметті қоғамға қызмет ету институты ретінде жүзеге асуы бойынша тиімді механизм бола алады. Ол лауазымды тұлғаларға өзінің іс-әрекеті үшін басшылық алдында, сондай-ақ қоғам алдында жауап беруге міндеттейді»,- деп, Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының басқарма төрайымы Зәуреш Батталова есептейді.
Уәкілетті лауазымды тұлғалардың тізімі ҚР Қоғамдық даму министрлігінің сайтында орналасқан. Аймақтық тізімдерді облыстық және қалалық әкімдіктердің сайттарында жариялау ұсынылған.
Осы институт қызметі одан әрі жетілдіріледі – уәкілетті лауазымды тұлғалар үшін семинар мен тренинг өткізу жоспарланған.