
28 тамыз күні ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаевтың төрағалығымен Діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңестің отырысы өтті.
Кеңес жұмысына мемлекеттік органдар мен жоғары оқу орындарының басшылары, діни бірлестіктердің, Қазақстан халқы Ассамблеясының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Шараға қатысушылар ақпараттық-түсіндіру топтарының қызметін одан әрі жетілдіру және осы саладағы жұмыстардың тиімділігін арттыру жөнінде бірқатар ұсыныстар айтты.
Кеңес қорытындысына сәйкес, министр Д.Кәлетаев нақты тапсырмалар берді.