Алматыда «Қазына әлеміне саяхат» көрмесі ашылды

Алматыда «Қазына әлеміне саяхат» көрмесі ашылды

ҚР Орталық мемлекеттік музейінде қордағы геология коллекциясы негізінде жасақталған «Қазыналар әлеміне саяхат» көрмесі ашылды.

Көрме экспозициясына 1935-2011 жылдар аралығында Қазақстан аумағынан жиналған 1253 жәдігер қойылды.

Көпшілікке таныстырылған обсидиан, антрацит, грейзен, торф сияқты тау жынысының үлгілері үлкен ғылыми маңызға ие. Сонымен қатар алтынның дақтары бар кварц, топаз, аметист, халцедон сияқты жартылай бағалы тастар, малахит, флюорит, жадеит, азурит, циркон, нефрит, яшма, агат, нефрит, чароит және басқа да минералдар келушілердің қызығушылығын тудырды.

Айта кетейік, Қазақстан геологиясының даму тарихы Қаныш Сәтбаев, Жархан Айталиев, Арықтай Қайыпов сынды отандық ғалымдардың есімімен тығыз байланысты. Ғалым-геологтардың жұмысы нәтижесінде Қазақстан аумағында 6000 пайдалы қазба орны ашылған.

Көрме жастардың отандық геологияны зерттеп, дамытуға деген қызығушылығын арттыруды мақсат ете отырып ҚР Орталық музейінде тұрақты ұйымдастырылатын болады.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі