Қазақстанда ҮЕҰ қызметтерінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандарты қабылданды

Қазақстанда ҮЕҰ қызметтерінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандарты қабылданды

Қоғамдық даму министрлігі үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен әзірленген ҮЕҰ қызметтерінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандартын бекітті.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың аясында қызметтерді көрсету тәртібіне бірыңғай талаптардың қолданылуы әлеуметтік жобалардың іске асыру тиімділігін арттып, ҮЕҰ қызметтерін сапасыз көрсету тәуекелін төмендетеді.

Қабылданған бұйрыққа сәйкес, Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандарты ҮЕҰ қызметінің алты түрін қамтиды: оқыту, кеңес беру, ақпараттық пен әдістемелік, зерттеулік-талдау қызметтер мен
іс-шараларды және азаматтық (ресурстық) орталықтарды ұйымдастыру қызметтерді қамтиды.

Мемлекеттік және әлеуметтік қызметтерді көрсету сапасы – Қазақстанда жүргізілетін мемлекеттік басқару саласындағы реформалар сапасының басты көрсеткіштердің (индикатордың) бірі, деп ведомствода белгіледі. Бұл мағынада аталған стандарттың енгізілуі аса маңызды деп танылады.

Біріншіден, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың аясында бенефициарларға тиімді қызметтерді көрсету үшін құқықтық және ұйымдастырушылық саланы қалыптастыру мүмкін. Осылайша, қабылданған Стандарт мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тапсырыс беруші мен үкіметтік емес сектор үшін бірыңғай «ойын шартын» қалыптастыруға қол жеткізеді.

Екіншіден, осы салада жүргізілген сапалы стандартизация қызметтерді көрсететін ҮЕҰ арасында одан әрі бәсекелі ортаны қалыптастыруға мүмкіндігін туғызады. Осылай, стандарттың бар болуы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты үлестіру барысында жосықсыз бәсеке тәуелдігін төмендетеді.

Сонымен бірге, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың аясында ҮЕҰ қызметін көрсету үдерісі жүйелендіріліп, стандартты тек формалды құжат ретінде пайдалану мүмкіндігі жойылады.

Одан басқа, ҮЕҰ қызметтердің сапасын стандартқа келтіру тәжірибесі баға демпингіне қарсы өтемдік тетігі болу мүмкін.

Осылай, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың аясында ҮЕҰ қызметтерін көрсету стандартын қолдану мемлекеттік органдардың тарапынан тапсырыс берушілер мен қоғамдық сектордың орындаушыларға арналған тиімді өзара іс-қимыл саласын қалыптастыру үшін маңызды құрал болып танылады.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандартымен осында https://www.kazpravda.kz/dbases/view/10609 танысуға болады.