
Бүгін елімізде ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттауға бағытталған 200-ден астам іс-шара өтеді.
Тараз қаласында "Ал, қанекей, әжелер" байқауы және "Ұмытылған ою-өрнектер" атты қолөнершілер фестивалі болады.
Барлық кинотеатрлар мен кинозалдарда ұлттық кино апталығы басталады. Республика бойынша өтетін апталық аясында "Қыз Жібек", "Жау жүрек мың бала" және "Томирис" фильмдерінің тегін көрсетілімі ұйымдастырылады.
Қазақстандық авторлар мен суретшілер, мүсіншілер туындыларының тұсаукесері өтеді. Мысалы, Шымкент қаласында қазақстандық суретшілердің "Көктем бояулары" көрмесі ашылады.
Қазақстандықтар халық қолөнершілерінің жәрмеңкелері мен ұлттық тағамдар фестивальдеріне қатыса алады.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі