
Қазақстан мен Ресей бірлесіп жастардың бизнес-инкубаторын іске қосады. Бұл туралы Алматыда өтіп жатқан ТМД Жастар форумында Ресей делегациясының басшысы айтты.
Ресей Федерациясының Жастар ісі жөніндегі федералдық агенттігінің халықаралық қызмет бөлімінің басшысы Дмитрий Иванов Қазақстан мен Ресей жастары арасында ынтымақтастық жолындағы алғашқы нақты қадамдар жасалғанын айтты.
«Бірінші Ресей-Қазақстан жастарының бизнес-инкубаторы осы жылдың соңына дейін іске қосылады. Ресейде инкубаторларды іске қосу мен олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша тәжірибе жеткілікті. Мысалы, бізде Қытаймен бірлескен 15 бизнес-инкубатор жұмыс істейді, біз өткен жылдың қорытындысы бойынша талдау жүргіздік, бизнес-инкубаторлары аясында жасалған келісімдердің жалпы көлемі 430 миллион доллардан асты. Бизнес-инкубатор Ресей мен Қазақстан аумағында тең дәрежеде ашылады. Біз бір инкубаторды іске қосамыз, егер аталған тәжірибе екі жақтан табысты деп танылса, біз бұл қызметті кеңейтетін боламыз», - деді Дмитрий Иванов.
Есеріңізге сала кетейік, халықаралық форумға жастар сяасаты жөніндегі мемлекеттік органдардың өкілдері, Әзербайжан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Армения және Қазақстанның жастар ұйымдарының көшбасшылары қатысуда.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның мақсаты коммуникативтік пікірталас алаңын құру және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жастар көшбасшылары арасында мәдениетаралық диалогты қалыптастыру, жастар ұйымдары мен жас көшбасшыларды біріктіру болып табылады.