
12-15 наурыз аралығында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті журналистерге арналған «Әлеуметтік медианы талдау: контент қауіпсіздігі мәселелері» семинарлар топтамасын өткізеді.
Қатысушыларға медиа саласындағы соңғы үрдістер мен сын-қатерлерді, медиа кеңістікті цифрландыру дәуіріндегі контент қауіпсіздігінің мәселелерін талдау ұсынылады, олар материалға сараптамалық-аналитикалық талдау жүргізу, халықаралық дискурс БАҚ материалдарының ақпараттық ағынын саясаттану бойынша тұтынушыны анықтау, әлеуметтік желілердің жұмыс істеуіндегі салыстырмалы талдау және басқалар бойынша қажетті дағдыларға ие болады.
Жергілікті сарапшылардан басқа, қатысушылар халықаралық қатынастар және интернет қауіпсіздігі саласындағы сарапшы, Родос колледжінің (АҚШ) БАҚ зерттеулері кафедрасының профессоры Николас Захариадис, Познань қаласындағы Адам Мицкевич университетінің Журналистика және әлеуметтік ғылымдар факультетінің профессоры, медиа сарапшысы-саясаттанушы Бартоз Хордецки және т.б. сарапшылардан сұрақтар қоюға және аналитикалық пікірлерін тыңдауға мүмкіндік алады.
Семинарлар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ілеспе аудармамен өтеді.
Журналистерді іс-шараға қатысуға шақырамыз. Барлық сұрақтар бойынша келесі байланыстар бойынша хабарласуға болады +7 771 011 0045.
Іс-шара келесі мекен-жай бойынша өтеді: Алматы қ., Жандосов к-сі, 34/1 (Манас көшесінің қиылысы), Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, 907 ауд.
Тіркелу сілтемесі: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdM0lVUjnto9Yv1f90XcWEh0wiiuH1rsU3ZaTDPp-TApD5YdA/viewform