«BIRLIK» ансамблі – көпұлтты бірлік пен мәдениетаралық диалогтың бірегей үлгісі

«BIRLIK» ансамблі – көпұлтты бірлік пен мәдениетаралық диалогтың бірегей үлгісі

Қазақстандағы алғашқы «BIRLIK» көпұлтты ән-би ансамблінің шығармашылық құрамын ұсынамыз. Ұжымның тұсаукесері бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында өтті.

«BIRLIK» ұжымы әлем халықтарының мәдени мұрасын сақтау және дамыту, дәстүрлі музыка мен биді дәріптеу мақсатында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының жанынан құрылды. Өнер арқылы ата-баба мұрасын жалғастырып, түрлі мәдениет ерекшелігін сақтауға болады.

«BIRLIK» – жастардың ортақ идея айналасында жұмылып, қоғамның игілігі үшін бірлесе алуының айқын дәлелі. Ұжымның бөлшегі болу тек шығармашылықты арттырып қана қоймайды, ұжым мүшелерінде ынтымақтастық пен түрлі мәдениетке деген құрметті қалыптастырады.

«BIRLIK» – бұл ұлттық мұраны сақтау және насихаттау жобасы ғана емес, сонымен қатар әр түрлі этностардан құралған талантты жастардың көркем әрі шабыт сыйлайтын өнер жасайтын мекені.

Ансамбль құрамы жағынан ерекше.

Бірлесіп жұмыс істеу, нөмірлер қою және хореографиялық композициялар дайындау бойынша тәжірибе алмасу үшін жақын шетелдегі танымал хореографтар шақырылды. Олардың қатарында Өзбекстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Эвелина Протасова мен Одилбек Орипов, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Омбы мемлекеттік орыс халық хорының бас балетмейстері Зуфар Толбеев, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі, Татарстан Республикасының Халық әртісі, Татарстан Республикасының Мемлекеттік ән-би ансамблінің көркемдік жетекшісі Айрат Хаметов және Татарстан Республикасының Халық әртісі, педагог, Татарстан Республикасының Мемлекеттік ән-би ансамблінің хореографы Лейсан Хаметова, отандық хореографтар Жаңатай Қожабеков, Анель Марабаева және Аида Бекішева бар.

Ансамбльді жасақтау барысында Қазақстанда тұратын түрлі этнос өкілдерінен 20 үздік биші мен музыкант іріктелді.
Айта кетейік, бұл ұжымның тұрақты құрамы емес. Ансамбль жаңа тұлғалармен, талантты жастармен толықтырылып, жаңартылатын болады.

Олардың қабілет-қарымын, техникаларын осындай ұжымдарда өнер көрсетіп жүрген, тәжірибесі бар, алыс шетелден шақыртылатын мэтрлер мен мықты мамандар шыңдайтын болады.

Ұжымға жастармен қатар таяу және алыс шетелдегі Достық елшісі атанып жүрген Қазақстанның жетекші орындаушылары тартылатын болады.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

 

Қазақстандағы алғашқы көпұлтты «BIRLIK» ән-би ансамблінің ұжымы