Варшавада Қазақстандағы азаматтық қоғамның дамуы жайлы айтылды

Варшавада Қазақстандағы азаматтық қоғамның дамуы жайлы айтылды

В Варшаве проходит совещание ОБСЕ по выполнению государствами-участниками обязательств в области человеческого измерения. Это крупнейшая диалоговая площадка, в которой участвуют официальные делегации, а также правозащитники, журналисты и эксперты из 57 стран.

В составе казахстанской делегации в совещании ОБСЕ принимает участие Председатель Комитета по делам гражданского общества Министерства общественного развития Республики Казахстан Алия Галимова.

Варшавада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының адами өлшем саласындағы қатысушы мемлекеттердің міндеттемелерін орындау мәселелері бойынша отырысы өтуде. Аталған іс-шара ресми делегациялар, сондай-ақ құқық қорғаушылар, журналистер және 57 елдің сарапшылары қатысып жатқан ең үлкен диалог алаңы болып табылады. 

ЕҚЫҰ-ның отырысына Қазақстан делегациясының атынан Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы  Әлия Ғалымова қатысуда.

Ә. Ғалымова өз сөзінде қазақстандық жүйедегі адам құқықтарын қорғау саласының негізгі компоненттеріне тоқталып, бұдан бөлек,  азаматтық қоғам өкілдерінің адам құқықтары саласының барлық жүйелік элементтерінің қызметіне белсенді қатысқанын атап өтті.

Комитет төрайымы азаматтық қоғам институттарын дамытудың тиімді және нәтижелі құралдарының бірі ретінде қызметі Ұлттық Омбудсмен институты тарапынан үйлестірілетін Ұлттық алдын алу механизмінің жұмысын атап өтті.

«Сондай-ақ, елімізде 90% үкіметтік емес сектор өкілдерінен тұратын Ұлттық зорлық-зомбылыққа қарсы алдын алу механизмінің үйлестіру кеңесі табысты жұмыс істейді. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілі жанындағы Сараптама кеңесі қоғамдық негізде жұмыс істейді,  сондай-ақ үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдарының өкілдері осы қызметке белсенді қатысуда », - деді Ә. Ғалымова.

Ә.Ғалымованың айтуынша, тағы бір тиімді алаңдардың бірі – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жанындағы «Адам өлшемі бойынша диалог алаңы» консультативтік-кеңесші органы болып табылады. Аталған диалог алаңының жұмысына азаматтық қоғам өкілдері, мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар, соның ішінде ЕО, БҰҰ, ЕҚЫҰ қатысуда.

Қазіргі уақытта сұхбат алаңы жұмысының нәтижесінде халықаралық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдар адам құқықтары мәселелері, сөз бостандығы, жиналыстар мен митингілер өткізу құқығы бойынша ең маңызды 50 ұсынымға негізделген жол карталары әзірленіп, оларды іске асыру тиісті мемлекеттік органдарға жүктелді.

Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі өз қызметі негізінде ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің жұмысын жүзеге асырады, осының аясында  Қазақстандағы адам құқықтары туралы мерзімді баяндамаларды қарау тәжірибелері енгізілген.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ҮЕҰ-мен жүргізілетін ұлттық диалог жүйесі жолға қойылған.  Мысалы, әрбір екі жылда Қазақстанның Азаматтық Форумы өткізілуде.  Үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік қолдаудың жаңа институттарын гранттар мен сыйлықақылар түрінде енгізу азаматтық сектордағы жаңашылдық болып табылады.

Мемлекет пен ҮЕҰ арасында «тұрақты байланыс» режимін нығайту және мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есеп берушілігін қамтамасыз ету шарасы ретінде Қазақстанда тұрғындарды алаңдататын өзекті мәселелерге мониторинг жасау жүйесі енгізілді, министрлер мен әкімдердің азаматтық сектор өкілдерімен кездесулер өткізу тәжірибесі енгізілді; Азаматтық қоғам өкілдерінің ұсынысы бойынша ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі Уәкілдер институты құрылды; 229 Қоғамдық кеңестің қызметі қамтамасыз етілді.

Осылайша, үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа диалог формалары азаматтық сектордың құқық қолдану тәжірибесінде  ұсыныстарды жүзеге асыруға, заңнаманы жетілдіруге мүмкіндік береді.