Сауд Арабиясы Корольдігіне қажылықты ұйымдастыру және жүзеге асырудың қорытындысы бойынша отырыс өткізілді

Сауд Арабиясы Корольдігіне қажылықты ұйымдастыру және жүзеге асырудың қорытындысы бойынша отырыс өткізілді
2018 жылғы 21 қыркүйекте ҚР Қоғамдық даму вице-министрі Берік Арынның төрағалық етуімен Сауд Арабиясы Корольдігіне қажылықты ұйымдастыру және жүзеге асырудың қорытындысы бойынша отырыс өткізілді.
Отырысқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының, мүдделі мемлекеттік органдардың басшылығы, «Атамекен» ҰКП, «Scat» және «FlyNas» әуекомпанияларының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында ағымдағы жылғы қажылықты қорытындылауға қатысты және келесі 2019 жылға Мекке мен Медина қалаларына қажылықты ұйымдастыру және жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Отырыс барысында туристік фирмалардың қажыларға қызмет көрсетуінің сапасы туралы сұрақта талқыланды. Сонымен қатар, мүдделі мемлекеттік органдарға қажылық жұмыстарын үйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу тапсырылды.
2018 жылы қажылыққа 3000 қазақстандық қажылар барды. Қажыларды тасымалдауға Қазақстаннан «SCAT» және Сауд Арабиясы Корольдігінен «Fly Nas» әуекомпаниялары 50/50 үлесі бойынша қатысты.
Вице-министр Берік Арын «Scat» және «Fly Nas» әуекомпанияларына қажыларды тасымалдау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, соның ішінде ұшақтардың уақтылы ұшуын қамтамасыз ету, сондай-ақ міндетті екпе егу рәсімдерін жүргізу кезінде қосымша шаралар қабылдау қажеттігіне ерекше назар аударды.
Отырыстың қорытындысы бойынша жауапты органдарға 2019 жылғы қажылыққа баратын қажылардың барлық ұйымдастырушылық мәселелерін шешуге қатысты шаралар қабылдау туралы ұсыныстар берілді.