
Ағымдағы жылдың 27-28 маусым күндері Дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Ақмола облысының Көкшетау, Степногорск қалалары мен Атбасар ауданында алдын алу іс-шараларын ұйымдастырды.
Дін мәселелері бойынша топ қызметінің негізгі міндеттерінің бірі халыққа діни саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын және мемлекеттік құрылымның зайырлы қағидаттарын жеткізу, сондай-ақ діни экстремизм мен терроризмді алдын алу болып табылады.
Топ құрамына білікті теологтар мен дінтанушылар тартылды.
Топ мүшелері жұмысында облыстың түзеу мекемелеріндегі түсіндіру іс-шараларына ерекше көңіл бөлінді. Осылайша, сотталған контингентпен діни қызмет саласындағы қолданыстағы заңнаманың сақталуын түсіндіру бойынша жалпы алдын алу кездесулері, сондай-ақ деструктивті діни ағымдарды ұстанушылармен жеке әңгімелесу өткізілді.
Сондай-ақ, теологтар базарларда және өз бетінше жұмыспен айналысатын азаматтар санаты бар сауда үйлерінде түсіндіру іс-шараларын ұйымдастырды.
Облыс имамдары мен мешіт жамағаттарымен алдын алу жұмыстарына ерекше көңіл бөлінді.