Астанада азаматтық қоғам секторын дамыту мәселелері талқыланды

Астанада азаматтық қоғам секторын дамыту мәселелері талқыланды

ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыровтың төрағалығымен Астана қаласында министрлік жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара қарым-қатынас орнату жөнінде үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. 

Оған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

«Азаматтық қоғамдық дамыту —министрліктің басым бағыттарының бірі. Бүгін біз «2020-2030 жылдарға арналған Азаматтық коғамдық дамыту тұжырымдамасына» өзгерістер енгізу бойынша жұмыс бастадық», — деді Данияр Рамазанұлы.

Отырыс барысында жергілікті атқарушы органдардың ҮЕҰ мен өзара қарым-қатынасы және өңірлерде азаматтық бастамаларды қолдау мәселелері талқыланды.

Сонымен қоса Мәдениет және ақпарат министрлігінің, ӘМ, ДСМ, ЭГТРМ және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен Үйлестіру кеңесі мүшелері ҮЕҰ-дың 2027-2024 жылдарға арнап жоспарланған әлеуметтік жобалар тақырыптарын қарастырды. 2024 жылы 24 әлеуметтік жобаны жүзеге асыру жоспарланған, 2025 жылы – 97 жоба.

Үйлестіру кеңесі отырысының қорытындысы бойынша, ҮЕҰ мен мемлекеттік органдардың өзара қарым-қатынасын одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленді.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі