
Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрында драматург Жәнібек Әликеннің «Күйеу бала» туындысы негізінде «Қазақтың тойы бітпесін» драмасы көрерменге жол тартады.
Автор шығармасында қазіргі заманның өзекті мәселелерін көтереді: ұрпақ тәрбиесі, ұлттық құндылықтар, тіпті экономикаға қатысты мәселелер де қамтылған.
Қойылымның негізгі тақырыбы — жастар арасындағы аралас неке мәселесі. Оқиғадағы басты кейіпкер — қоғамнан түсіністік пен шындықты іздеген қазақ қызы.
Қоюшы режиссер Данияр Базарқұловтың қойылымы 22 және 23 ақпанда көрермен назарына ұсынылады.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі