2024 жылғы 12 ақпанда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті төрағасы Күміс Сейітованың төрағалығымен кейбір заңнамалық актілерге түзетулер енгізу мәселелері бойынша отырыс өтті.
Оған Қазақстандық event-компаниялар өкілдері, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары және т. б. қатысты. Шара барысында Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» заңына қатысты, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне және т. б. түзетулер енгізу мәселелері талқыланды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі