
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Реттегіш құралдардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларының (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығымен бекітілген) негізінде Астана қ. уақыты (3 жұмыс күні ішінде) ағымдағы жылғы 7 ақпан сағат 9.00-ден бастап 12 ақпан 18:30-ға дейін және 9 ақпанан сағат 9.00-ден бастап 14 ақпан 18:30-ға дейін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында – «РӘТ бөлімінде» «Масс медиа туралы» заң жобасына реттеушілік әсерлерді талдаудың келесі талдамалық нысандарын талқылау жоспарланған:
1) «2025 жылдан бастап елу бес пайызға (55%) дейін, 2027 жылдан бастап алпыс пайызға (60%) дейін мемлекеттік тілде теле-, радиобағдарламаларды тарату көлемін ұлғайту жөніндегі талапты енгізуді көздейтін кәсіпкерлік субъектілерін реттеуді қатаңдатуға байланысты реттеушілік әсерді талдаудың талдамалық нысаны» келесі сілтеме бойынша https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14930960;
2) «Кәсіпкерлік субъектілерін реттеуді қатаңдатуға байланысты, отандық теле,- радиоарналардың эфирдегі хабар тарату үлесінде отандық теле,-радиобағдарламалардың, қазақстандық авторлар мен орындаушылардың музыкалық шығармаларының санын 2025 жылдан бастап елу бес пайызға дейін (55%) және 2027 жылдан бастап алпыс пайызға дейін (60 %) ұлғайту жөніндегі талапты енгізуді көздейтін реттеушілік әсерді талдаудың аналитикалық нысаны» келесі сілтеме бойынша https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14930980;
3) «Кәсіпкерлік субъектілерін реттеуді қатаңдатумен байланысты, отандық теле-, радиоарналардың апта сайынғы хабар тарату көлемінде шетелдік теле-, радиоарналардың теле-, радиобағдарламаларын ретрансляциялауды азайту жөніндегі талапты енгізуді көздейтін реттеушілік әсерді талдаудың талдамалық нысаны» келесі сілтеме бойынша https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14930990.
4) Трансляция бойынша шетелдік теле -, радиоарналардың меншік иелеріне шетелдік теле-, радиоарнаның апта сайынғы хабар тарату көлемінде отандық теле-, радиобағдарламаларды үш айда бір рет жаңарта отырып, теле-, радиобағдарламалардың жалпы көлемінің кемінде он пайызы мөлшерінде және (немесе) сол талаптарға сәйкес білім беру, мәдени-ағарту, спорттық-ойын-сауық және бос уақыт сипаттағы таратылатын теле-, радиобағдарламалардың мемлекеттік тілге аударылуын қамтамасыз ету талаптарын енгізуді көздейтін кәсіпкерлік субъектілерін реттеуді қатаңдатуға байланысты реттеушілік әсерді талдаудың талдамалық нысаны» келесі сілтеме бойынша https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14934289.
Бұдан басқа, Астана қ. уақыты бойынша ағымдағы жылғы «15» ақпан күні сағат 15.00-де (жоғарыда көрсетілген қағидалардың 18-тармағының 1) тармақшасы негізінде) қосымша ZOOM-конференция өткізіледі.
Қатысуға ниет білдірушілер үшін қатысушының аты-жөнін, ұйымның атауын, кәсіби лауазымын және ұялы телефон нөмірін l.akbuzauova@mki.gov.kz электрондық поштаға жіберуді сұраймыз.
Zoom сілтемесі мүдделі тұлғаларға ұялы телефон нөмірлеріне бағытталады. Барлық сұрақтар бойынша телефон нөмірлері бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: + 7 (7172) 74-05-86, 74-10-99.