Шығыс Қазақстан облысының мәдениет қызметкерлері «Мәдениет саласының үздігі»төсбелгілерімен марапатталды

Шығыс Қазақстан облысының мәдениет қызметкерлері «Мәдениет саласының үздігі»төсбелгілерімен марапатталды

Бүгін Астанада Шығыс Қазақстан облысы әкімінің «Ертіс концерті» симфониялық оркестрінің бас дирижеры ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Александр Галсановтың жетекшілігімен «Классикалық музыка кеші» өтті.

Концерт оркестрдің 20 жылдығына орай гастрольдік сапар аясында ұйымдастырылды.

Шығармашылық ұжымды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің атынан вице-министр Қанат Ысқақов құттықтады.

«Елімізде кәсіби өнерге сұраныс күн сайын артып келеді. Концерттік қызметтің саны мен сапасын арттыру, оның халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету -  министрліктің басты міндеттеріңіз бірі», - деп атап өтті Қ.Ысқақов.

Вице-министр «Ертіс концерті» симфониялық оркестрінің 5 қызметкеріне «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін табыс етті. Оларды солистер Жанат Бисимбаев, Ботагөз Жұмабекова, сондай-ақ әртістер Ирина Карпеева, Татьяна Ходько және Альмира Сүлейменова алды.

Концерттік бағдарламада атақты қазақстандық және шетелдік композиторлардың вокалдық, классикалық және аспаптық шығармалары орындалды.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі