
Комедиялық балеттің көрсетілімі хореограф Ролан Петидің 100 жылдығына орайластырылған. Классиктің мерейтойына орай әлемнің барлық театрлары өз сахналарында оның қойылымдарын ұсынуда.
⠀
«Коппелия» балеті «Астана Операда» театрдың балет труппасының көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратованың бастамасымен 2019 жылы пайда болды. Әлемдік жауһарды елордалық театрда танымал балетмейстер Луиджи Бонино қойды.
⠀
Лео Делибтің туындысы Ролан Петидің хореографиясында әлемнің әрбір қиырында зор танымалдылық пен сұранысқа ие. Драмасыз, күлдіргі оқиға желісі мен әсем хореография балетті жеңіл әрі мерекедегідей етіп көрсетеді.
⠀
Спектакльдің қоюшы дирижері - Арман Оразғалиев, дирижер тұғырына маэстро Руслан Баймурзин көтеріледі. Декорациялар мен костюмдерді кемеңгер Эцио Фриджерио Франка Скуарчапиномен бірлесіп жасады.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі