
Орталық Азиядағы тұңғыш «ASTANA MUSICAL» мемлекеттік мюзикл театры «Сиқырлы сазды хор-концертке» шақырады!
Хор-концерт - жаңа өңдеудегі халық әндері, әлемдік хиттер мен мюзикл ариялары, ретро-композициялар, белгілі заманауи әндердің театрландырылған қойылыммен ұштасқан, би жанрын да қамтыған ауқымды концерттік бағдарлама.
Театр әртістері «Керім-ау айдай» және «Екі жирен» халық әндерін, Кенен Әзербаевтың «Көкшолағын», «Жаңбырлы түн», «Әнім сен едің», «Джулия» ретро-композицияларын, әйгілі шетелдік «Вohemian rhapsody» «Yesterday» «Billie Jean» туындаларын, балаларға арнап «20th Century Fox»,«Baby Shark» және тағы басқа әндерді орындайды. Сондай-ақ ду-воп стилінде жазылған «The Five Satins» тобының «In the Still of the Night» әнін ерекше орындауда сыйға тартпақ.
«Astana Musical» мемлекеттік театрының көркемдік жетекшісі - Есләм Нұртазин. Бас хормейстері - Алмат Абишев, хорға өңдеген Жанболат Адилов.
Концерт бүгін 19:30-да Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» сахнасында өтеді
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі