
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы 2024 жылға арналған үкіметтік емес ұйымдарға гранттар беруге арналған конкурстың басталғанын хабарлайды.
Конкурс шарттары бойынша қатысушылар 3 сала бойынша жобаларды ұсына алады:
- Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау;
- Азаматтық қоғамның дамуына, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу;
- Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту;
Үкіметтік емес ұйымдар 20 қысқа мерзімді грантқа, 2 орта мерзімді грантқа және 1 ұзақ мерзімді грантқа жобаларды ұсына алады.
Қысқа мерзімді және орта мерзімді гранттарға өтінімдер 11.01-31.01.2024 ж. 18.30 дейін (Астана уақыты бойынша), ұзақ мерзімді гранттарға – 11.01-14.02.2024 ж. 18.30 дейін (Астана уақыты бойынша) қабылданады.
Конкурстық өтінімдер электрондық поштаға қабылданады grants@cisc.kz, сондай-ақ Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5, 5 қабат, каб мекенжайы бойынша қолма-қол/пошта жөнелтілімімен. 504/1.
Байқау жеңімпаздарын тәуелсіз сараптама комиссиясы анықтайды.
Конкурс туралы толық ақпаратты оператордың сайтынан алуға болады cisc.kz немесе телефон арқылы: +7705 247 47 22
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі