Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров Атырау облысының тұрғындарымен кездесті

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров Атырау облысының тұрғындарымен кездесті

Кездесуге мемлекеттік органдардың, діни және этномәдени бірлестіктердің, ҚХА,ҮЕҰ, БАҚ өкілдері қатысты. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында атқарылған жұмыстардың нәтижелері талқыланып, өзекті мәселелер айтылды.

Вице-министр БАҚ, азаматтық сектор және жастарды қолдау бойынша мемлекеттік шаралар бойынша ведомство қызметінің негізгі бағыттарына тоқталды. Данияр Қадыров министрліктің этносаралық келісім, дін және мәдениет саласындағы жүйелі жұмысын ерекше атап өтті.

Кездесу барысында вице-министр қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, азаматтарды жеке қабылдады.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі